Date of publication: 12.12.2016 11:40
Date of changing: 13.12.2016 16:37

Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдарының қысқартылуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің құрамында құқық қорғау органдары мәртебесіне ие болып, Экономикалық тергеу қызметі құрылды.

Органның жедел-қызметінде негізгі басым бағыттарының бірі келесілер: жалған кәсіпкерлік, жалған және әдейі банкроттық, алкогольді өнімнің заңсыз айналымы, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын бизнесі, жалған ақша жасау, квазимемлекеттік секторда және мемлекеттік сатып алу саласында бюджетті қымқыру, контрабанда, бюджетке төленетін міндетті төлемде мен салық төлеуден, сонымен қатар кедендік баж төлеуден жалтару салалары болып анықталған.

Құрылған қызметтің негізі бағыттары болып көлеңкелі экономикадағы, салық, кеден және қаржы салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сонымен қатар заңсыз ойын бизнесін, есірткі және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын тергеу және алдын алу болып табылады.

Осыған байланысты, ЭТҚ қызметкерлерімен тұрақты түрде заңлыдыққа сәйкес қатаң түрде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың анықтау және алдын алу үшін тиісті жедел шаралары жүргізіледі. Құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан кейін қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылыққа сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі және соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Мысалы: мынадай, (есірткі қылмысы)

Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде есірткі және тыйым салынған заттар контрабандасы фактісі бойынша мәліметтерге ие тұлғалар кез келген уақытта 31-61-45 телефонына хабарласуы тиіс