Date of publication: 29.06.2015 09:11
Date of changing: 29.06.2015 10:48

ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫ!

Түсінбеушілікті болдырмау үшін әр жолаушы, қолданыстағы ақша қаражаттарды, ақшалай құралдарды және тауарларды кедендік шекарадан өткізу тәртібін реттейтін заңдарды және ережелерді білуі қажет.

Сіздің назарыңызға, негізгі кедендік бақылауды және ресімдеуді өту нормалары мен ережелерін, нысан мен жолаушы кеден декларациясын толтыру үлгісін ұсынамыз.                                                                                                                                                                                                                                                              Егер Сіз кеден органдарының лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерінің, сонымен қатар, олардың заңсыз қойылған талаптарының немесе жемқорлық көрінісінің куәгері болсаңыз, бұл фактілер туралы сіз Астана қаласының Кедендік бақылау департаментінің – (8-7172)-227332, 227310, 227330 телефондары арқылы немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (8-7172) 709820 телефоны арқылы хабарлай аласыз.

 

Жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарадан өткізу тәртібі және оларды шығаруға байанысты кедендік операцияларды жүргізу туралы

КЕЛІСІМ (үзінді)

8 бап

Жеке пайдалануғаарналғантауарлардыдекларациялау

1. Жеке пайдалануғаарналғантауарлардыдекларациялаудыжекетұлғаларкедендікшекараарқылыжүруікезіндекеденорганынатауарлардыкөрсетеотырып, бірмезгілдежүзегеасырады.

Халықаралық почта жөнелтілімдеріменжіберілетінжәнекедендік транзит процедурасынаенгізілгентауарлардықоспағанда,жекепайдалануғаарналғантауарлардыкедендікдекларациялаужолаушыныңкедендікдекларациясынқолданаотырып, жазбаша түрде жүргізіледі.

Жеке тұлға өз қалауы бойынша жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялау жүргізуге құқылы.

2. Жазбашатүрдекедендікдекларациялауғажатады:

1) иесімен бірге жөнелтілмейтін, багажда немесе тасымалдаушымен жеке тұлғаның мекенжайына жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

3) кез келген тәсілмен өткізілетін, соның ішінде құны және (немесе) мөлшері мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеместен өткізудің кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленген нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

4) кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және  мұндай аумаққа қайта әкелінетін, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

5) кеден одағының кедендік заңнамаларымен белгіленген жағдайларда жеке тұлғалармен кеден шекарасынан өткізілетін жеке ақша қаражаттар және (немесе) ақшалай құралдар;

6) мәдени құндылықтар;

7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның иесімен бірге жөнелтілмейтін багажы болса, иесімен бірге жөнелтілетін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

8) осы Келісімі 3 қосымшасының 1 тараудың 3-10 тармақтарында көзделген жеке пайдалануға арналған тауарлар.

3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауы декларанттың атынан және оның тапсырысы бойынша декларант немесе кедендік өкілімен жүргізіледі.

Он алты жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын декларациялауды оны алып жүретін тұлға (ата-анасының бірі, осы тұлғаны асырап алушы, қамқорлыққа алушы немесе қамқоршы, оны алып жүретін өзге де тұлға, не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналарының, асырап алушылардың, қамқорлыққа алушылардың немесе қамқоршылардың алып жүрусіз кәмелет жасқа толмаған тұлғалар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.

Декларант ретінде кеден одағы мүше мемлекетінің жеке тұлғасы немесе шетелдік жеке тұлға бола алады:

- кеден шекарасын өткен кезінде иесімен бірге жөнелтілетін багажымен жеке пайдалануға арналған тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығына ие болатын;

- жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін көлік құралдарын, кеден шекарасынан нақты өткізу үшін тасымалдаушыға берген (беріп жатқан);

- халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберуші ретінде шығатын;

- тасымалдаушы жеткізетін тауар ретінде жеке пайдалануға арналған тауарларлар, сонымен бірге көлік құралдарын немесе кеден одағының кеден аумағынан тыс жіберілетін.

- иелену, қолдану және оған билік ету құқығына ие болатын жеке пайдалануға арналған көлік құралымен кеден шекарасынан жеткізілетін;

- кеден одағының кедендік аумағында кеден бақылауында болған жеке пайдалануға арналған көлік құралына сот шешімі немесе мұрагерлік бойынша иеленген;

- кеден одағының кедендік аумағында кеден бақылауында болған жеке пайдалануға арналған көлік құралына иелену, қолдану және оған билік ету құқығына ие болған;

- жеке пайдалануға арналған көлік құралын осы Келісімнің 3 қосымшасында көзделген жағдайда кедендік төлемдерден босатылуы құқығына иеленген.

4. Өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декрациялау кезінде декларант жазбаша түрде мынадай талаптарды орындауға міндетті:

1) кеден органына, олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттарды, соның ішінде кедендік төлемдерді немесе кедендік бажды, салықтарды қамтамасыз етуін растайтын құжаттарды ұсынуға;

2) декларацияланатын тауарларды лауазымды тұлғаның немесе кеден органының талабы бойынша ұсынуға;

3) Кодекске және (немесе) осы Келісімінде белгіленген жағдайларда кедендік төлемдерді төлеуге немесе олардың төленуін қамтамасыз етуге;

4) Кеден одағының кедендік заңнамаларында белгіленген өзге талаптарды орындауға.

Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік декларациялауды қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін тұлға осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады.

Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денесі (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

1) кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін өлгені туралы куәлік, не өлгені туралы медициналық куәлік, не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

2) қайта көмген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;

3) бөгде салымдардың жоқтығын көрсете отырып, оларды қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелткен жағдайда, қайтыс болғанның нәрселері мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарын дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы).

Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмелері;

2) оларда бөгде салымдардың жоқтығын көрсете отырып, оларды қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелткен жағдайда, қайтыс болғанның нәрселері мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарын дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы).

 

6 бап

Екі дәліз жүйесін пайдаланып жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу

 

«Жасыл» дәліз – жеке тұлғалармен бірге жөнелтілетін багажбен кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға араналған тауарлырды, бұл тұлғалардың иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж жоқ болған кезінде кедендік шекарадан өткізетін келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген орны болып табылады.

 

«Қызыл» дәліз - жеке тұлғалармен бірге жөнелтілетін багажбен кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға араналған тауарлырды, сонымен қатар жеке тұлғаның қалауы бойынша декларациялау жүзеге асыратын тауарларды кедендік шекарадан өткізетін келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген орны болып табылады.

 

«Жасыл» дәліздегі кедендік бақылау бөлек нысандарын қолданбауы, жеке тұлғалар кеден одағының кедендік заңнамаларының және (немесе) кеден одағы мүше-мемлекеттердің заңнамаларының талаптарын сақтаудан босатылмайды!!!!!

Кеден одағының Кеден кодексі

(үзінді)

356-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну

1. Жолаушылар кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың ұсынылуымен қоса жүруі тиіс. Мұндай құжаттарға:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар (соның ішінде кәмелетке толмаған тұлғалар);

2) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алуды, қамқорға алуды, қамқорлықты растайтын құжаттар;

3) декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын құжаттар;

4) көліктік (тасымалдау) құжаттар;

5) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерге құқықты растайтын, соның ішінде жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелуін (әкетуін) растайтын, сондай-ақ жеке тұлғаны босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы не кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған тәртіпте тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжаттар;

6) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

7) жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер бар құжаттар;

8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар;

9) ұсынылуы кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа да құжаттар мен мәліметтер жатады.

2. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша оның кедендік шекара арқылы жүруі кезінде жеке тұлғаға берілген, кеден органы ресімдеген жолаушылар кедендік декларациясының данасы ұсынылады.

Оны жоғалту себебі бойынша немесе өзге де себептер бойынша жолаушылар кедендік декларациясы ұсынылмаған кезде, егер жеке тұлға өзгені дәлелдемесе, жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік төлемдерді төлеуден босатылған тауарларды әкелудің құн, мөлшер, салмақ нормаларынан асыра әкелінгені ретінде қаралады.

 

359-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкетуі

1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан өзінің шетел мемлекетінің аумағында уақытша болуы кезеңіне уақытша әкетуге және оларды қайта әкелуге құқылы.

2. Егер мұндай сәйкестендіру әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеуден босата отырып, оларды қайта әкелуге ықпал етсе, жеке тұлғаның өтініші бойынша кеден органы уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға сәйкестендіру жүргізеді. Бір данасы тауарларды әкететін жеке тұлғаға берілетін жолаушылар кедендік декларациясында тауарларды сәйкестендіру туралы көрсетіледі.

Мұндай сәйкестендірудің болмауы кеден органына кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалған тәртіпте бұл тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілгенінен кейін қайта әкелінуін растау шартымен жеке тұлғалардың әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды қайта әкелуіне кедергі болмайды.

 

360-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеу

1. Жеке тұлғалар толтыру нысаны мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын кедендік кіріс ордерінің негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.

Кедендік кіріс ордерінің бір данасы кедендік баждарды, салықтарды төлеген тұлғаға табыс етіледі.

Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік кіріс ордерін толтыруды және кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органының лауазымды тұлғасы жүргізеді.

2. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары бойынша немесе осы Кодекстің 77-бабына сәйкес қолданылатын кедендік баждар, салықтар бойынша есептелген кедендік баждардың, салықтардың сомасына тең жиынтық кедендік төлем түрінде төлейді.

 

361-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны

1. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтер бар құжаттардың түпнұсқаларымен расталған, мұндай тауарлардың жеке тұлға мәлімдеген құны негізінде айқындалады.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуі кезінде тауарлардың кеден құнына олардың кеден одағының кедендік аумағына келгеніне дейін және кейін тасымалдау және сақтандыру бойынша шығыстар енгізілмейді.

2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін жеке тұлғада қажетті құжаттар және (немесе) олардың құны туралы мәліметтер болмаған жағдайда не тұлға ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер дұрыс болып табылмайды деп ұйғаруға негізделген себептер болған кезде кеден органының лауазымды тұлғасы тауарлардың кедендік құнын ұқсас тауарларға кеден органының иелігінде бар баға ақпаратының негізінде, соның ішінде ұқсас тауарларды бөлшек сатуды жүзеге асыратын шетелдік фирмалардың каталогтарында көрсетілген деректердің негізінде айқындайды.

Жеке тұлға кедендік құнды айқындау үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқылы.

Осы бапты қолдану мақсатында ұқсас тауар деп әкелінетін тауардың сипаттамаларына жақын, яғни өзінің мақсаты, қолданылуы, сапа, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша әкелінетін тауармен сәйкес келетін сипаттамалары бар тауар түсініледі.

 

 

Келісімнің 1 қосымшасы

(үзінді)

 

Жеке пайдалануға жатпайтын тауарлардың тізімі

 

Тауардың атауы*

КО СЭҚ ТҚ

1

Табиғи алмаздар

7102

2.

Келесіні қоспағанда кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен кедендік әкету баждары белгіленбеген шығарылатын тауарлар:

- балық, теңіз өнімдері (балықтардың бекіре түрлерінің уылдырықты қоспағанда), 5 кг санынан аспай;

- 250 килограммнан аспайтын балықтардың бекіре түрлерінің уылдырықты;

- жеке пайдалануға арналған көлік құралының жай багында орналасқан, сонымен қатар бөлек сыйымдылығында 10 литрден аспайтын жанармай;

- 25000 АҚШ доллардан кеден бағасынан аспайтын асыл металдар (әкетілетін асыл металдар мен гауһар тастың кеден бағасына жеке тұлғалармен кеден одағына алдында әкелінген, сонымен қатар кеден одағынан уақытша әкетілетін асыл металдар мен гауһар тастың бағасы қосылмайды)**

0301-0304, 0306

 

1604 30 100 0

 

2710 11 410 0 -2710 11 590 0,

2710 19 410 0 -2710 19 490 0

71

3

Орталық жылу беру қазандары

8403 10

4

Су кемелердің қозғалтқыштарын қоспағандағы іштен тұтанатын қозғалтқыштар

8407

5

Шөп машиналар (газондар үшін, саябақтар немесе спорт алаңдары үшін шөп машиналарды қоспағанда), шөпті дайындау үшін машиналар, егінді жинау, астық бастыру үшін машиналар мен механизмдер, сабан мен шөпті қаптау үшін машиналар, жұмыртқаларды, жеміс немесе басқа ауыл шаруашылық өнімдерді тазарту, іріктеу немесе калибрлеу үшін машиналар

8433 20-8433 90

6

Машиналар, механизмдер, жабдықтар

8434-8442, 8444 00 – 8449 00 000 0, 8453 – 8466, 8468, 8474 -8480, 8486, 8514, 8530, 8534 00, 8535, 8545, 8548, 9024, 9027, 9030, 9031

7

Күнге күюге арналған солярий

8701, 8705, 8709

8

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан басқа арнайы мотор көлік құралдары; тракторлар; өзі жүретін, көтеретін немесе тиейтін жабдықтармен құрылмаған өнеркәсіпке арналған көлік құралдары

8701, 8705, 8709

9

Автомобильдерді тасымалдауға арналған тіркемелер

8716 39-дан

10

Яхталарды және демалу мен спорт қалқымалы құралдарын, есу қайықтарды мен каноэны қоспағандағы кемелер, қайықтар және қалқымалы құрылыстар

89-дан

11

Жүру жолында пайдаланатын немесе медициналық көрсеткіштер бойынша қолданудан басқа медициналық техника мен жабдықтар

9018, 9019, 9022-ден

12

Фотолабораториялар үшін аппаратура мен жабдықтар

9010

13

Демонстрациялық мақсатқа арналған аспаптар, аппаратура және модельдер

9023 00

14

Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз, шаштараз креслолар және ұқсас креслолар; олардың бөлшектері

9402

15

Монеталармен, банкноттармен, банктік карточкалармен, жетондармен немесе ұқсайтын төлеу құралдармен жүргізілетін ойындар

9504 30

16

Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар

 

* - «**» символмен белгіленген тауарларды қоспағанда КО СЭҚ ТҚ сәйкес олардың кодтармен анықталатын тауарлар;

** - тауарлар олардың кодтармен және атаумен анықталады

 

Келісімнің 2 қосымшасы

(үзінді)

1. Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге тиім салынған жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімі

 

1.

Кеден шекарасынан кез келген тәсілмен өткізу кезінде:

1.1

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы ішінде тразиттау кезінде тиім салынған басылым, аудиовизуалды және басқа да таспадағы ақпарат

1.2

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы ішінде тразиттау кезінде тиім салынған қызметтік және азаматтық қару

1.3

әкелуге тиім салынған және (немесе) әкелу мен (немесе) әкету кезінде кеден шекарадан өткізуге шектелген қауіпті қалдықтар

1.4

Жасырын ақпарат алу үшін кеден одағының кеден аумағына әкелуге және кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген арнайы техникалық құралдар

1.5

Кеден шекарасынан өткізуге шектелген прекуссор есірткі дәрілер болып танылмайтын уландыратын заттар

1.6.

Сандары шектелген, сәйкес келетін құжаттары бар болғанда медициналық көрсеткіштер бойынша қолданатын дәрі-дәрмек ретінде есірткі дәрілер мен психотроптык заттарды есірткі дәрілер, психотроптық заттар және олардың прекусорлары, сонымен қатар кеден одағына мүше елдердің заңнамаларымен анықталған мөлшеріндегі прекусорлар

1.7

Әкелу және (немесе) әкету кезіндегі кеден шекарасынан өткізуге шектелеген адамның органды және (немесе) талшықтары, қан және оның компонеттері

2

Кез келген тәсілмен әкету кезінде

2.1

Экспорт және (импорт) кезінде сандық шектеу қойылған қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтары

2.2

Кеден одағының кедендік аумағында экспорттауға шектелген өндірілмеген гауһар тас, гауһар тастардың сынықтары мен қалдықтары, гауһар тасы бар кен және гауһар тастардың және шикізат тауарларының концентраттары

2.3

әкету кезінде кеден шекарасынан өткізуге шектелген минералды шикізат (өңделмеген табиғи тастар)

2.4

әкету кезінде кеден шекарасынан өткізуге шектелген кен туралы ақпарат

2.5

тауарлардың бір түрінен үш данадан саны асатын экспорттау кезінде кеден шекарасынан өткізуге шектелген жабайы өсетін дәрілік шикізаты (өсімдіктер, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдар, жемістер)

2.6

тауарлардың бір түрінен үш данадан саны асатын экспорттау кезінде кеден шекарасынан өткізуге шектелген (аңшылық және балық аулау трофейлерін қоспағанда) жабайы тірі жануарлар және бөлек жабайы өсетін өсімдіктер

 

II. Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі

 

1.

Кеден шекарасынан кез келген тәсілімен өткізу кезінде:

 

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген шифрлық (криптографиялық) құралдар,

2

Халықаралық почта жөнелтімдерін қоспағандағы кеден шекарасынан кез келген тәсілімен өткізу кезінде:

2.1

әкелу және әкету кезіндегі кеден шекарасынан өткізуге шектелген ауаны бұзатын заттарды

2.2

Сандары шектелген, сәйкес келген құжаттары бар медициналық көрсеткіштер бойынша қолданатын дәрі-дәрмек ретінде есірткі дәрілер мен психотроптык заттарды есірткі дәрілер, психотроптық заттар және олардың прекусорлары, сонымен қатар кеден одағының мүше елдерінің заңнамаларымен анықталған мөлшердегі прекусорлар

2.3

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы ішінде тразиттау кезінде тиім салынған қызметтік және азаматтық қару

4

Кез келген тәсілімен әкету кезінде

4.1

Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген топтамаға арналған менералогия және палеонтология топтамасы мен заттары

4.2

Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген 1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі түнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға жататын жабайы фауна мен флора түрлері

4.3.

Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген Баларусь республикасының, Қазақстан республикасының және Ресей Федерациясының қызыл кітаптарына қосылған және құрып кету қаупі төнген сирек кездесетін жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер, олардың бөлшектері (немесе) дериваттар

4.4

Кеден одағының кеден аумағынан әкетуге шектелген ұлттық мұрағатының қорлары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары

5

Халықаралық почта жөнелтімдерін қоспағанда кез келген тәсілімен әкету кезінде:

 

Мәдениет құндылықтар

 

Келісімнің 3 қосымшасы

(үзінді)

 

Кедендік төлемдерді төлеуден босатылған кеден шекарасынан өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімі

 

Тауарлардың категориясы

Әкелудің нормасы

IV. Транспорт құралдарын қоспағандағы кез келген тәсілмен әкету кезінде жеке пайдалануға арналған тауарлар

18

Кеден одағының мүше елдерінің, сондай ақ шетел жеке тұлғалармен кеден одағының кедендік аумағына әкелу фактілерін растайтын кеден органдары рәсімдеген құжаттарын ұсынып алдында әкелінген асыл металдар мен гауһар тастар

олардың кедендік бағасы мен салмағына тәуелсіз

19

Асыл металдар мен гауһар тастар

2500 АҚШ долларға ұқсас кедендік бағасынан аспайтын. Әкеліп жатқан асыл метелдардың және гауһар тастың кедендік бағасына жеке тұлғалармен алдында кеден одағына әкелген және кеден одағынан уақытша әкетілген асыл металдардың және гауһар тастардың бағасы кірмейді

20

Осы қосымшасының IV тарауының 18 және 19 тармақтарында көзделген тауарларды қоспағанда басқа да жеке пайдалануға арнлаған тауарлар

олардың кедендік бағасы мен салмағына тәуелсіз