Date of publication: 15.12.2017 15:54
Date of changing: 11.01.2018 14:48

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Ассоциация бизнеса и финансов» ЖШС-мен, кәсіби салық кеңесшілермен бірлесіп семинар өткізді. «Жаңа Салық кодексі», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру», «Жаңа нысанда-электрондық шот-фактуралар» тақырыбы бойынша талқыланды. Ұйымдастырушылар бухгалтерлерді алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұдан әрі Түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысы М.Қалиева жеке табыс салығы бойынша өзгерістер туралы, жаңа салық кодексінің әлеуметтік салық жобасында баяндама жасады.

Кәсіби бухгалтер «Ассоциация бизнеса и финансов» ЖШС-мен бойынша бухгалтерлік есеп және салық жөніндегі кеңесшісі А.А.Вдовченко электрондық шот-фактураларды іс жүзінде қолданудың жаңа нысандарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ, Департаменттің пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы Т.Кулекин «Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» кодексінің жобасын таныстырып, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Спикер атап өткендей, соңғы үш жыл ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия үлкен жұмыс атқарған, Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексі қалыптастыруды қазіргі кезде ратификациядан өткізуде. Жұмыс одақтық кодексіне, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізілген және бірінші кезекте бизнеске көмекпен әкімшілік жүктеменің негізгі уақыт, ақша, құжаттар көрсеткіштер қысқартуға бағытталған.

Соңында, салық төлеушілердің сұрақтары мен ауызша өтініштеріне н баяндамашылар жан-жақты жауап берді.

Семинарлар мен слайдтар, сұрақ-жауаптар ресми сайтта http://astana.kgd.gov.kz/ru/depsection/seminary сілтемесі бойынша орналастырылады.

1. Салық кодексінің жобасы

2.  Жанама салықтарды әкімшілендіру

3. Борышкерді банкрот деп тану тәртібі

4. Шағын бизнес және АӨК субъектілері үшін арнаулы салық режимдеріндегі реформалар

5. ҚР кеден заңнамасы мен ЕАЭО жаңалықтар

6. Жеке тұлғаларға салық салу. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Жергілікті салықтарды салу

7.Сұрақ- жауаптар