Date of publication: 11.01.2018 14:17
Date of changing: 11.01.2018 14:18

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсету және жеке тұлғалар мен мемлекеттің жарна төлеу мерзімін 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы заңнамалық өзгерістер қабылданды.

Сонымен қатар, МӘМС толықтай іске қосылғанға дейін, 2018 және 2019 жылдар ішінде жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әрбір жұмыскердің жалақысынан 1,5% мөлшерінде, 2020 жылдан бастап есептеу нысанынан 2% мөлшерінде жарна аударуды 2020 жылға дейін жалғастыра береді. Бұл норма жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен кәсіпорында жалдамалы жұмыскерлері бар шаруашылық қожалықтарына да қатысты.

Қабылданған түзетулерге сай, АҚС шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарна мөлшерлемесі айтарлықтай азаяды. 2020 жылы 5%-дан 1%-ға төмендейді, 2021 жылы 2% (есептеу нысанынан, яғни есептелген табысынан жарналар).

Мемлекет жеңілдік санатындағы азаматтар үшін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган белгілеген өткен екі жылдың ағымдағы қаржы жылындағы экономикасы бойынша, орташа жалақының 4% мөлшерінде жарна төлей бастайды.

Жалдамалы жұмыскерлер МӘМС жүйесіне 2020 жылдан бастап, яғни жұмыс берушілер олардың табыстарынан 2020 жылы 1% және 2021 жылы  2% мөлшерлеме бойынша ұстап, жарна төлейтін кезден бастап, қатысады деп күтілуде.

Ауыспалы кезеңде, 2018 және 2019 жылдар ішінде АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер, өзін-өзі қамтушылар, МӘМС қатысушылары санаттарына жатпайтын басқа да тұлғалар МӘМС жүйесіне жарна төлеуден босатылады.

Белгілі бір мәртебесі, ресми табыстары және айналысатын нақты саласы жоқ тұлғалар үшін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, бір ең төменгі жалақының  5% мөлшерінде өз бетінше ең төменгі жарна төлеу мүмкіндігі сақталады.