Date of publication: 02.05.2018 18:07
Date of changing: 02.05.2018 18:08
Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге қөмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді.
Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру себебі көрсетіледі.
Кәсіпкерге тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заң бұзушылықтар туралы онлайн режимінде шағым жіберуге мүмкіндік бар.
Жіберілген бұзушылықтар туралы хабарламалар жедел түрде жауап беру үшін дереу Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне келіп түседі.
Сондай-ақ, электрондық акт енгізу жолымен мемлекеттік органмен тағайындалған тексеруді тіркеу тәртібі оңайлатылған.
2018 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдар, прокуратура органында тіркелген электрондық актіні өздерінде басып шығарып, оны кәсіпкерге ұсына алады.
Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытын қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқа да артықшылықтарға ие.
Электрондық актінің QR-коды (графикалық кілт) болады.
Кәсіпкер электрондық акттен үрейленбеуі керек, өйткені «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжат электронды-сандық нысандағы ақпараттардан құралады, электронды-санды қолтаңбамен куәландырылады және оның заңды күші қағаз үлгідегі қол қойылған құжатпен тең жүреді.
Өз кезегінде кәсіпкер оның түпнұсқа екенін «Qamqor» қалта көмекшісі арқылы тексере алады.
Бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында республика экономикасының даму қарқынын арттыру міндетін орындау және санды технологияларды қолдану арқылы халықтың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыс.