Date of publication: 14.08.2015 14:18
Date of changing: 14.08.2015 14:19

 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы бойынша салық төлеушіде есеп құжаттамаларының жоқтығынан салық тексерісі тоқтатылмайды.

Құжаттық салық тексеру барысында салық төлеуші салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты объектілерді айқындау ұшін қажетті құжаттарды толық табыс етпеген болса, салық төлеушіге   аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы  салық қызметі органының талабы және салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде тапсырылады.

Салық қызметі органының талабы салық төлеушіге талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс ішінде орындалуы тиісті.

Салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеуші көрсетілген құжаттарды табыс етпеу себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.

Салық кодексінің 639 –бап 1 тармағына сәйкес есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметі органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді  Кодексте белгіленген тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.

    Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 641 бабында ақпарат көздері толығымен айқындалған. Тексеріс барысында тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу үшін сұрау салу жібереді.

Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде  Салық кодексінің 642 бабына сәйкес расталмаған құжаттар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде салық төлеушінің көрсетілген шығыс  шегерімдері және Қосымша құн салығын есептегенде есепке жатқызылған сомалар алынып тасталынады.   

Сонымен, корпоративтік табыс салығын және қосымша құн салығын есептеген кезде жанама әдісімен тек қана салық төлеушінің табыстары ғана емес, сонымен қатар қарсы салықтық тексерулер арқылы  салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары да айқындалатыны естеріңізде болсын.