Date of publication: 11.06.2018 09:10
Date of changing: 12.06.2018 08:55

Сіздерді ашық есік күніне шақырамыз:

2018 жылдың 21 маусымы сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Астана қаласының барлық Мемлекеттік кірістер органдарында тұрғылықты тіркеу мекенжайына қарамастан, салық төлеушілерді қызықтыратын салық және кеден заңнамасы саласындағы барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.

Салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін және акция барысында кеңес алу үшін Сіздің тұрғылықты жеріңізге жақын мекенжайға баруға болады:

- Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, - Республика даңғылы 70, каб.208;

- Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Жұбанов көшесі, 16, каб.201-кабинет (конференц - зал);

- Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Республика даңғылы 52, 1 - қабат ҚӨО;

- Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы– Қабанбай батыр даңғылы 33 үй, каб. 206.

 

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жетілдіру бағытында биылғы жылы жаңа Салық және Кеден кодекстері қолданысқа енгізілуіне  байланысты акцияға белсенді қатысуды ұсынамыз.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті