Date of publication: 13.06.2018 12:28
Date of changing: 18.06.2018 10:08

2018 жылғы 12 маусымында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Еуразиялық Ұлттық Университетінің студентері мен мұғалімдерімен кездесу өткізілді.

Салықтық бақылау және аудит мамандығы бойынша оқитын студенттер  ашық есік күні аясында салық органдарының саласындағы «Мемлекеттік аудит» қызметімен танысты.

Департаменттің аудит басқармасының бөлім басшылары С Артықбаев пен М.Хамдиева салықтық тексерулерді рәсімдеп жүргізу туралы түсінік түрде айтып өткізді

Сондай-ақ, елорданың бюджетінің түсімдері туралы салық қызметінің жүйелі еңбегінің нәтижесі республика бойынша түсімнің оң динамикасына сақтауға әсер етеді, бұл ең алдымен, сапалы салықтық әкімшілік етудің нәтижесінде екенін С.Артықбаев баяндады.

Департаменттің ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы А. Күзекпаева мемлекеттік кірістер органдарында іс-тәжірибеден өту туралы және университетті аяқтаған кейін мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері жайлы тоқталып өтті. Салық органдарында жас мамандардың мансаптық өсуі үшін барлық жағдай жасалған.

Кесдесу барысында, студенттер сұрақтарын қойып пікір алмасты. Студенттерге шағын және орта бизнесті тексеру, ҚҚС қайтару, тарату статистикасы және де жалпыға ортақ декларациялау сұрақтары қызықтырды.

Тікелей диалог барысында мемлекеттік кірістер органдарының атқаратын негізгі қызметі жайлы жақынырақ танысып, студенттердің болашақта кәсіптік жолдарын дұрыс таңдауға мол мүмкіндіктер береді.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті