Date of publication: 10.08.2018 19:02
Date of changing: 10.08.2018 19:04
2018 жылдың 10 тамызында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.
Бірінші орынды - Берикболды Назым иеленді.
«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Жарлыгапов Алтынбек Бекенұлына бұйырды.
Үшінші бағалы сыйлық Сейдалиева Жанат Есімбайқызына берілді.
Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.
Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.