Date of publication: 31.10.2018 15:18
Date of changing: 31.10.2018 15:20
ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 16 наурызындағы «Астана қаласы аудандарының шекарасын белгілеу туралы» №131 қаулысы негізінде жаңа Байқоңыр ауданы және Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі – Б. Майлин көшесі, 37 үй мекенжайында орналасқан «Байқоңыр» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды.
Бүгінгі таңда, белгілі уақытқа созылатын Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан «Байқоңыр» ауданына салық төлеушілерді  және олардың дербес шоттарын аудару шаралары жүргізілуде.
Жоғарыдағы аталғанға байланысты ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап, бюджетке төленетін салықтарды төлеу алдында және 15 қарашаға дейін 2018 жылдың 3 тоқсанына салық есептілігі табыс етер алдында Салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы тіркеу деректеріне назар аударуды ұсынамыз.
Аталмыш шара - төлемнің дұрыс жүргізілуін, сондай-ақ салық есептілігін дұрыс емес табыс етуін алдын алу үшін қажет. Төлемді дұрыс төлемеген жағдай, тіркеуде тұрмаған салық органынанда артық төленген төлемнің  пайда болуы мен келесі салық органынанда қарыз шығуына әкеліп соқтырады.