Date of publication: 31.10.2018 15:23
Date of changing: 31.10.2018 15:25

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінің бағдарламалық қамсыздандыруды жаңарту шеңберінде 2018 жылдың 22 қазанынан бастап «Құжаттар» модулінде жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) , жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы және оның күшін жою бланкілері іске асырылды.

Нәтижесінде 2018 жылдың 1 қазанынан бастап пайда болған салық берешегі бойынша Хабарламалар автоматты түрде қалыптастыратын режимі іске қосылды және салық төлеушілерге, соның ішінде электрондық канал бойынша, жолданды.

Осыған орай, Хабарламаны орындау мерзімін өткізіп алуды қашқақтау мақсатында электрондық санды қолтанбасы бар (ЭСҚ) жеке тұлғаларға «Салық төлеуші кабинеті» тексеріп, Хабарлама бар жағдайда салықтық берешігін өтеу қажет.

Ақпаратты Өзіңіздің мекен-жайы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында ала аласыз.