Date of publication: 30.11.2018 17:30
Date of changing: 30.11.2018 17:31
Мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілген салықтық тесеру нәтижесіне дау айтуға қатысты болғандықтан осы мәселенің кейбір қырларына тоқталуды жөн көрдік.
  Қолданыстағы салық заңнамасы бойынша салықтық тексеру нәтижесімен шығарылған хабарламасын және оның іс әрекетін жоғары тұрған органмен қатар немесе сотта даулау тәртіптері қарастырылған.
Салықтық тексеру нәтижелері мен мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының әрекеттерін даулау жөніндегі арыздарды соттың қарау тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексімен (мұнан әрі – АІЖК) реттеледі.
Ол бойынша сотқа арызбен жүгiну мерзімі 3 ай етіп белгіленген. Аталған мерзім хабарлама тікелей сотта дауланған жағдайда - Салық кодексі  хабарлама тапсырылған күннен бастап, ал жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағым жасалған жағдайда - салық төлеушіге оның шағымы бойынша шешімі белгілі болған күннен бастап есептеледі. Егер салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша жаңа хабарлама шығарылса, оған шағым беру мерзімі белгіленген тәртіппен тапсырылған күннен бастап қайта есептеледі.
Ал лауазымды адамдарының әрекеттеріне  шағымдануда аталған мерзім салық төлеушіге оның құқықтарының бұзылғаны немесе оның шағымын қанағаттандырмай қалдырғаны туралы мәлім болған күннен бастап есептейміз.
          Азаматтық кодекстің 1-бабының 4-тармағына сәйкес салық қатынастарына азаматтық заңдар қолданылмайды. Осыған байланысты салық қатынастарының аражігін азаматтық заңнамамен реттелетін басқа мүліктік қатынастардан ажыратып алған жөн. Азаматтық кодекстің 297-бабының негізінде мерзімінде төленбеген салық сомасына және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге есептелетін өсімпұл мөлшерін азайтуға жол берілмейді.
Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды.  Жалпы, қағида бойынша талап қою мерзімінің өтуі тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады. Салық кезеңі сол салыққа немесе міндетті төлемге қатысты Салық кодексінің ережелерімен ескеріліп айқындалуы тиіс.
        Салық міндеттемесін тоқтатудың түпкілікті тізбесі белгіленген Салық кодексінің 54-бабы ескеріле отырып, талап қою мерзімдерінің өтуі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомаларды, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін тоқтататпайды.
        Соттарда мемлекеттік баж ставкалары мен оларды төлеу тәртібі Салық кодексінің 610, 616-баптарында белгіленген. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне шағымдану және жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың салықтық тексеру актілері жөніндегі хабарламаларын даулауда мемлекеттік баж Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағын белгіленген мөлшерде алынады.
 Салықтөлеушілерге заңда мемлекеттік бажды төлеу мерзімін ұзарту немесе кейінге қалдыру мүмкіндігі заңнамада көзделмеген.
        Сотта салық төлеушінің салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны Салық кодексі 18-тарауында белгіленген салықтық тексерулердің тәртібі мен мерзімдерін салық органының бұзушылықтары негізі бойынша тексеру актілерін даулаған кезде жіберілген бұрмалаушылықтардың сипатын бағалауы және олардың тексеру нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігін басшылыққа алынады.
Атап айтқанда, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу не нұсқаманы салық органында тіркемей тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатын нұсқамасыз жүргізілген тексерулердің нәтижелері заңсыз деп танылуға жатады. Егер қарсы тексеруді қоспағанда, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағы бұзыла отырып, нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген болса, осыған ұқсас салдарлар туындайды.
Егер мемлекеттік кірістер органы қызметінің шешімі немесе осы органның лауазымды адамдарының әрекеті заңнама нормаларына сәйкес келмейтінін анықтаса, аталған шешім немесе әрекет толығымен немесе бір бөлігінде заңсыз деп танылуға, ал шешім жойылуға жатады. АІЖК-нің 297-бабына сәйкес сот салық төлеушінің заңмен қорғалатын мүдделерi мен құқықтарын бұзуға жол берген бұрмалаушылықты мемлекеттік кірістер органына не оның лауазымды адамына толық көлемінде жою міндетін жүктейді.
АІЖК-нің 48-бабына сәйкес соттар бітімгершілік келісімді, егер ол заңға қайшы келсе, бекітпейді. Салық кодексінде белгіленген салық төлеуші мен салық органы арасындағы бітімгершілік келісім салық салу міндеттілігі, айқындылығы мен әділеттілігі принциптерін бұзады. Бұдан басқа, тараптардың істі бітімгершілік келісіммен аяқтау құқығы олардың арасында мүліктік қатынастар теңдігінің болуына байланысты. Ал салықтық қатынастар бір тараптың екіншісіне биліктік бағыныста болуына негізделген. Осыған орай соттарда салықтық даулар бойынша бітімгершілік келісімдер жасалмайды.
Сондықтан салықтөлеушілер мемлекеттік кірістер органдарының шешімдері мен іс әрекеттерін сотта даулауда жоғарыда айтылған мән-жайларға назар аударғандары жөн.