Date of publication: 05.12.2018 14:44
Date of changing: 05.12.2018 14:46
Біз кез-келген мемлекеттің салықсыз өмір сүре алмайтындығын, қазынаны уақытылы толтыруын бақылауды және салықты салық қызметтерімен жүзеге асыратындығын білеміз. Салық саясатының маңызды құралдарының бірі салықтық тексерулер болып табылады.
 Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен 12 қарашадан бастап Астана қаласының сауда базарларында бақылау-касса машиналарының және POS-терминалдардың болуы және қолданылуы, салықтық тіркелуі бойынша салықтық тексерулер жүргізілді.  
Осы шараның жүргізілуі барысында көптеген бұзушылықтар, оның ішінде 25 сауда орындарында бақылау-касса машиналарының, 84 объектіде POS-терминалдардың болмауы, сонымен қатар лицензиясыз алкогольдік сусындарды сату бойынша 9 факт анықталды. Барлық заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сонымен бірге бұзушылықты өздігінен жою қажеттілігі туралы түсіндірмелер берілді.     
 Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірінші рет ескерту беріледі. Содан кейін 15 АЕК мөлшерінде (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынады. Сондай-ақ лицензиясыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін тексеру шараларын тағайындаған жағдайда, айыппұлды қоспағанда, тауарларды тәркілеу мүмкіндігі қарастырылған.  
«Осыған ұқсас шаралар Астана қаласының барлық сауда базарларында жүргізіледі. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерді заң талаптарын орындауда сәйкесінше жауапкершілік танытуға , Астана қаласының тұрғындарын – фискалдық түбіртекті талап ету кезінде белсенді азаматтық ұстанымда болуға шақырады». 
«Улжан» және «Салем»базарлары  тізімде  бірінші болды.