Date of publication: 05.12.2018 17:30
Date of changing: 05.12.2018 17:32
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 222-бабына сәйкес, кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
      Кедендік транзит кедендік рәсімі:
      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың:
      Комиссия айқындайтын жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған;
       Кодекстің 287-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, АЭА бір аумағынан АЭА басқа аумағына тасымалданатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларын тасымалдау (тасу) үшін;
      2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін қолданылады.
         Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:
      1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
      2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;
      3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
      4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;
      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
       Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
      1) шетелдік тауарларға қатысты – Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
      2) шетелдік тауарларға қатысты – Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
      3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
      4) егер тауарлар көлік құралының кедендік пломбалар салынған және мөр басылған жүкжайларында (бөлікжайларында) тасымалданатын болса, халықаралық тасымалдау көлік құралының Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
      5) Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес кедендік транзит мерзімін белгілейді, осы Кодекстің 225, 346, 387-баптарына сәйкес тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді белгілейді.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.
Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.
 Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды айқындайды.
Тауарларды жеткізу орны көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Межелі кеден органы қызметінің аймағындағы кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, келу орнынан тасымалданатын тауарлар кеден органы тұрған жерге жеткізіледі.