Date of publication: 14.12.2018 16:18
Date of changing: 14.12.2018 18:22
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың ыңғайлылығы үшін "Kcеll" ұялы операторы арқылы Астана қаласында тұратын азаматтардың осы санатын Меншікке салынатын салықтар бойынша берешектің бар сомасы туралы SMS-хабарлама арқылы хабардар ету жұмысын бастады.
      Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан қарауға болады - kgd.gov.kz екі тәсілмен:
      1) келесі қадамдық нұсқаулық бойынша:
kgd.gov.kz > Электрондық сервистер > бизнеске көмек > салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер > жеке тұлғаның ЖСН енгізу > суретте берілген кодты енгізу > "нәтижені алу" батырмасын басу»;
      2) қысқа сілтеме бойынша: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web.