Date of publication: 29.12.2018 18:30
Date of changing: 29.12.2018 18:32
Астана қаласында «Оқушылар сарайында» 24 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш өтті. Аталған қызықты шараға барлығы 400-ден астам балалар белсенді қатысты.
Бірінші кезекте балалар үшін тамаша ертегі және фантастикалық кейіпкерлер көпшілік алдында жаңа жылдық қызықты қойылымдар орындады. Әр түрлі конкурстар, билер, хороводтар шырша айналасында балаларға мейрамның қызықты өтуіне байқаулар өткізілді. Мейрамның басты кейіпкері Аяз ата мен ақшақардың балаларды жаңа жылдық көріністі ашып мейрамды одан әрі көңілді ете түсті.
Бағдарлама бойынша мейрамның екінші бөлігінде балаларға арналған театрлық қойылым жасалынды. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінің барлық балалары Аяз ата мен ақшақардың қолынан жаңа жылдық сыйлық алды.