Date of publication: 14.01.2019 17:48
Date of changing: 18.01.2019 09:01
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енетін "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді.
Енді азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғалар, оның ішінде фрилансерлерге міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді салық агенттері жүзеге асыратын болады: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар.
Басқаша айтқанда, егер АҚС келісім-шарт салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған, онда МЗЖ төлеу фрилансерлердің міндеті емес, құқыққа айналады. Мұндай жағдайларда жеке тұлға МЗЖ өз пайдасына дербес аудара алады.
Бұл ретте жарна мөлшері алынатын табыстың 10%-ын құрауы тиіс, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің (ЖЕТМ) 10% - нан кем емес және 10% жоғары 50 еселенген жалақының ең төменгі мөлшерінен, белгіленген, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс, 50-еселенген ЖЕТМ он екі мөлшерден аспауы тиіс, белгіленген, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда. Яғни, егер жиынтық жылдық табыс 2019 жылы 25 500 000 теңгеден асса, онда осы сомадан жоғары алынатын табыс, МЗЖ-дан төлеуден босатылады.