Date of publication: 18.01.2019 09:47
Date of changing: 18.01.2019 09:49
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК төмен табыс табатын жұмысшылардың еңбекақысының 90 пайыз көлеміне өзгеріс енгізіледі.
Сонымен, көлемі  63 125 теңгеден төмен еңбекақыдан, 90 % кемітіп, салық салынады. Қалған еңбекақыға 10% көлемінде жеке табыс салығы салынады. Осыған байланысты салық ауыртпалығы 10 есеге дейін төмендейді.
Егер жеке тұлға бірнеше жұмыс орнында қызмет етсе және әр жұмыс орнында еңбекақы көлемі 25 АЕК аспаса, онда салық салынатын еңбекақысына 90 % көлемінде өзгерту енгізу әр жағдай бойынша қолданылады.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлық төменгі еңбекақы көлемі 42 500 теңгені құрады, сәйкесінше 1 айлық төменгі еңбек ақы көлеміндегі салықтың шегерім жоғарылайды, бұл жеке тұлғаның салық салынатын еңбекақысын анықтау барысында қолданылады.