Date of publication: 11.03.2019 09:56
Date of changing: 11.03.2019 09:57
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығын мәлімет үшін жолдаймыз.
2019 жыл ішінде тоқсандық негізінде онлайн - БКМ 633 қызметтер түрі өтеді.
- 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (тізімі қосымшада);
- 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (тізімі қосымшада);
- 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі (тізімі қосымшада)
2020 жылдың 1 қаңтарынан қалған барлық қызмет түрлері бойынша.
Осылайша, 2019 жылдың ішінде онлайн – БКМ қолдануға өту толығымен жүзеге асырылады.
Онлайн-БКМ қолдану қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілерге қатысты жоқ.