Date of publication: 18.03.2019 12:09
Date of changing: 18.03.2019 12:10
Салық органдарында есепке алынып және жүргізіліп отырылатын салық төлеушілердің берешектерінің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтерді беру тұлғалардың сұрау салу негізінде атқарылады..Мұндай мәліметтерді әділет органдарына, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген басқа да мемлекеттік органдарға - сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Ал салық төлеушілерге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға салық органында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу және ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Есепке алу салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын тұлға Қазақстан Республикасынан басқа елге тұрақты тұруға кеткен кезде салық органында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтер мұндай тұлғаларға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда ғана беріледі.