Date of publication: 17.03.2015 17:56
Date of changing: 17.04.2024 11:16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

 

Ануарбеков Шынгыс Алибекович

     Ануарбеков Шынгыс Алибекович 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, экономист квалификациясын алды және 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғарғы білімін алды.

Еңбек қызметі

1998 ж. - 2010 ж. салық инспекторы, бас маман, бөлім бастығы, аудандық басқарма орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бастығы;

2010ж. - 2012ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;

2012ж. - 2014ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы;

2014ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары;

2014ж. - 2015ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2015ж. - 2019ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Басқармалар басшысы;

2019ж. - 2022ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2022 жылғы 23 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалар:

2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған;

2012 жылы «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған;

2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен;

2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен;

2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған;

2021 жылы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған;

2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Мадиев Ануар Маратович

     Мадиев Ануар Маратович 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі

     Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер органдарында, Қазақстан Республикасы Көлік және тасымал министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қазыбек би атындағы аудан бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, кейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экспорттық бақылау басқармасының басшысы, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Саудалық емес айналым басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 252-ж бұйрығымен 2024 жылғы 12 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Байланыс ақпараты

Телефон

8 (7172) 77-31-37

Электрондық пошта: an.madiev@kgd.gov.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Есембеков Кенжегазы Мукажанович

     Кенжеғазы Мұқажанұлы Есембеков 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған таулы-техникалық институтын 2000 жылы «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітіріп, және 2003 жылы Д. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғарғы білімін алды.

Еңбек қызметі

Еңбек жолын 1996 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істеді, Алматы қаласы, Нұр-сұлтан қаласы, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде басшылық қызметтер атқарды. 
 
2021 жылдан бастап Республика Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер Департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
 
2022 жылғы 18 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында, Астана қаласы.

Мемлекеттік наградалар:

2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальмен марапатталды;

2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальмен марапатталды;

2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

2022 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Балтабеков Канат Жолтаевич

     Балтабеков Канат Жолтаевич 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін 1996 жылы «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітіріп, «Бухгалтер-экономист» квалификациясын алды және екінші жоғарғы білімін 2005 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Заңгер» квалификациясын алды.

Еңбек қызметі

1996ж. - 2000 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінде 1 категориялы маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы;

2000ж. – 2003ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінде бөлімдердің бастығы;

2003ж. – 2004ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитеті жеке кәсіпкерлерге кеңес беру және ақпаратты қабылдау өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;

2004ж. – 2011ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің басқармасының бастығы, бастығының орынбасары;

2011ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары;

2011ж. – 2017ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаменті Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;

2017ж. – 2019ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2019ж. – 2022ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2022 жылғы 21 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалар:

2017 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды.