Date of publication: 01.07.2016 17:53
Date of changing: 01.07.2016 17:58

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік

кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік

кірістер департаменті мен «Вайпоинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы Ынтымақтастық

туралы меморандум

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесi, бұдан әрі «Департамент», атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 17 қазандағы № 5 бұйрығына 15-қосымша бұйрығымен бекітілген Департамент туралы Ереже негізінде әрекет ететін Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы   бір тараптан және «Вайпоинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі «Қатысушы», атынан  Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Султанмурадов Рустем Бекмуратулы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға ниет білдiре отырып, осы Меморандумда  төмендегілер туралы келіседі:

1 Бап

Меморандумның мақсаты алкогольдік өнімдердің  көлеңкелі айналымымен күресу, сонымен қатар алкогольдік өнімнің есепке алу-бақылау маркасының (бұдан әрі – ЕАМ) қолда бар болуын және түпнұсқалылығын, сондай-ақ Астана қаласы аймағында лицензияның (бұдан әрі - лицензия) болмауынсыз алкогольдік өнімді сақтау және  көтерме, жекелеп сату қызметін жүзеге асыруын анықтау аясында Тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады.

2 Бап

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

1. Қатысушы ЕАМ-ның сканирлеу және қолмен еңгізілетін топтама және ЕАМ нөмері арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің дирекқорында бар болуын тексеруге мүмкіндігі бар, смартфонға арналған қосымшаны дайындайды және демеу көрсетіп отырады.

2. Қатысушы ЕАМ тексерістер бойынша статистикалық мәліметтерді жүргізуге арналған жеке кабинетті  дайындайды және демеу көрсетіп отырады.

3. Департамент ЕАМ-ның бар болғанын және оның тұпнұсқалығының анықтау бойынша халықтың қызығушылығын ынтандыру үшін, осы Меморандумның 1-ші Қосымшасында берілген ережелерге сәйкес, акция өткізеді.

4. Департамент Астана қаласы бойынша алкогольдік өнімді өткізетін лицензиаттардың тізімін қамтамасыз етеді және тізімді жаңартып отырады.

5. Қатысушы сапалы қызмет қамтамасыз ету үшін, меншікті адами ресурстарды (онымен шектеп отырмай) іске тартады: Сұлтанмұрадов Р.Б. – «Вайпоинг» ЖШС Директоры, Левицкий О.Ю. – «Вайпоинг» ЖШС бағдарламалық жасақтама инженері, Попов А.Г. – «Вайпоинг» ЖШС бағдарламалық жасақтама инженері, Пешков М.Д. – «Вайпоинг» ЖШС бағдарламалық жасақтама инженері, Погорелов М.И. – «Вайпоинг» ЖШС бағдарламалық жасақтама инженері, Қоңқақова Ә.Т. - «Вайпоинг» ЖШС Аналитигі, Қожабекова А.Б. - «Вайпоинг» ЖШС тесттеушісі.

3 Бап

Меморандум бойынша барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қол қоюы арқылы жазбаша рәсімделеді және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып саналады.

4 Бап

Осы Меморандум Тараптар арасында  заңдылық құқық және  міндеттеме тудырмайды. 

5 Бап

Меморандум Тараптардың соңғысы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және анықталмаған  мерзімге дейін келісілген.

6 Бап

Осы Меморандумның күші бір тараптың ынтымақтастықты бұзу туралы талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін. Меморандумды бұзуды бастаған Тарап келесі Тарапқа тоқтатылу белгіленген күннен 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабарлайды, мерзім өткеннен кейін  Меморандум бұзылды деп есептеледі.

7 Бап

Меморандумды іске асыру кезінде туындаған даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

8 Бап

Осы меморандум 2016 жылғы
«   »                         Астана қаласында, мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі данада, бірдей заңдық күшіне ие, әр Тарапқа бір данадан, қол қойылды.

 

Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

 

____________________

м.о.    

 

Сұлтанмұрадов Рустем Бекмұратұлы

«Вайпоинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры

 

____________________

м.о.    

 

«Қазақстан  Республикасының Қаржы

Министрлігінің Мемлекеттік кірістер

 комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті»

Республикалық мемлекеттік мекемесі

және «Вайпоинг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға

1-қосымша

Акцияларды өткізу туралы ереже

Алкогольдік өнімдеріне есептік-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалылығын  анықтау бойынша халықтың мүддесін көтермелеу бойынша акция (әрі қарай –Акция) Қазақстан Республикасының аумағында 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қазақстан  Респуликасының қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департамент (әрі қарай – Департамент) өткізетін іс-шара болып табылады.

Акцияларды өткізу туралы осы ереже Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексіне сәйкес дайындалған және Департаментпен ұйымдастырылған құнды сыйлықтарды ойнату бойынша акция өткізу ережелерін реттейді.

1.  Акцияның негізгі мақсаттары

  • алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымымен күресуде азаматтық белсенділікті арттыру;
  • салық төлеушілер арасында салықтық тәртіпті жоғарылату арқылы бюджетке төленетін төлемдерді түсуін ұлғайту;
  • көлеңкелі экономика мөлшерін азайту;
  • кәсіпкерлер арасында әділ бәскелестікті көтермелеу.

2.  Жалпы жетекшілік және акцияға қатысушылар

Акцияға қатысушылар – акцияны өткізу кезінде алкогольдік өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларының  (әрі қарай – ЕАМ)  түпнұсқалылығын “Wipon” ұялы қосымшасы арқылы тексерген  Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылады.

Акция ұйымдастырушысы - Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Акцияға қатысуға құқылы емес:

  • Департамент жұмыскерлері;
  • «Wipon» ұялы қосымшасын әзірлеуші компания  «Вайпоинг» ЖШС  жұмыскерлері

3. Акция міндеттері

  • акцияны өткізу барысында кезеңмен ақпараттық қолдау;
  • акцияны өткізуді ұйымдастыру;
  • «Wipon» ұялы қосымшасының жұмысын  қамтамасыз ету;
  • ЕАМ тексеру және жеңімпаздарды анықтау бойынша статистикалық деректерді жүргізу жөніндегі Департамент жұмыскерлері үшін акцияның ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету.

4. Акцияны өткізу тәртібі

4.1. Акцияны өткізу кезінде қатысушыларға тегін «Wipon» ұялы қосымшасы ұсынылады.

«Wipon» ұялы қосымшасы келесі функционалмен жабдықталған болуы керек:

  • ЕАМ штрих-кодты сканерлеу арқылы ЕАМ түпнұсқалылығын тексеру;
  • ЕАМ сериясы мен нөмірін қолмен енгізу арқылы  ЕАМ түпнұсқалылығын тексеру;
  • Ұтыс мәртебесі туралы хабарлама жүйесі;
  • Акция шарттары.

4.2.  Акцияға қатысатын ЕАМ тексеріс саны қатысушылар үшін сияқты тең шектелмеген.    

4.3. Акцияға қатысу үшін:

  • тексеріс  ЕАМ штрих-кодты сканерлеу арқылы  іске асырылуы қажет;
  • тексеру нәтижесі оң болуы қажет;
  • ЕАМ сериясы мен нөмірін қолмен енгізу арқылы іске асырылған тексеріс акцияға қатыстырылмайды;

4.4. Акция жеңімпаздары ұтыс купонын кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

4.5. Акция ұйымдастырушысының функциялары:

Есептік айдан кейінгі айдың 1 бастап 8 дейінгі күні акцияны өткізу кезеңінде ай сайын: 

  1. Астана қаласы бойынша ұтыс купондарының тізілімін құрастыру;
  2. 3 (үш) жеңімпазды анықтау, «Wipon» ұялы қосымшасынымен хабарламалар жіберу, жеңімпаздарды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама жасау және бекіту, жеңімпаздарды іріктеп алу нәтижелерін хабарлау;
  3. Жеңімпаздарға Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құрмет грамотасы мен құнды сыйлықтарын табыс ету;

2017 ж . 9 және 15 қаңтар аралығында:

  1. акцияны өткізу кезінде Астана қаласы бойынша ұтыс купондары тізілімін құрастыру;
  2. басты жүлдеге ие болған 1 (бір) жеңімпазды анықтау, «Wipon» қосымшасы арқылы жеңімпазға хабарлама жіберу, жеңімпазды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама жасау және бекіту,  жеңімпазға іріктеу нәтижелерін хабарлау;
  3. Жеңімпазға Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының құрмет грамотасы мен басты жүлдені табыс ету.

5. Ұтыс ойынын өткізу  рәсімі

5.1  Ай сайынғы ұтыс ойынында ағымдағы айда өткізілген ЕАМ тексерістері ғана қатысады, өткен немесе келесі ай ұтыс ойынына қатысуға құқылы емес.  

5.3 Басты жүлдені ойнату акцияның барлық кезең тексерістері қатысады.

5.4 Басты жүлде ұтыс ойыны Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінің конференц-залында мына мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қ., Республика даңғ., 52.

Акция жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментнің www.astana.kgd.gov.kz  интернет-көздерінде болады.

6. Жүлделерді беру рәсімі

6.1. Жүлделерді алу барысында жеңімпаздар Департамент жұмыскерлеріне жеке басын куәландыратын құжат және «Wipon» қосымшасы арқылы жіберілген хабарландырудағы жеңімпаз кодын көрсетулері тиіс.

Басты жүлдені алу барысында Жеңімпаз өзі туралы жеке ақпараттар мен жүлде туралы ақпарат, оның ішінде оның бағалау құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың кірістеріне салық төлеу міндеттері туралы ақпарат болатын тапсыру-қабылдау актісіне қол қоюы тиіс.

Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда және/немесе Жеңімпаз жүлденің тапсыру-қабылдау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда Жеңімпаз Жүлдені алу құқығынан айырылады, ал Департамент жұмыскерлері Жүлдені бермеуге құқылы.

 6.2. Алынған жүлде үшін салық төлеу жауапкершілігі салық агентіне жүктеледі. Жұлделер олардың ақша баламасына айырбасталмайды. Бір жүлдені басқа жүлдемен алмастыруға рұқсат етілмейді.

6.3. Жеңімпаздармен ұтып алынған құнды жүлделер салық агенті салықтық заңнамамен бекітілген мөлшердегі жеке кіріс салығын шегергеннен кейін табысталады.

6.4. Егер  жеңімпаз Астана қ. тұрмайтын болса Департамент акция жеңімпазының Астана қаласына дейін және кері қайтуына, жол жүруіне байланысты қандай да бір шығындарды өтеуге міндетті емес.

 

Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

 

____________________

м.о.    

 

Сұлтанмұрадов Рустем Бекмұратұлы

«Вайпоинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры

 

____________________

м.о.