Жарияланған күні: 18.08.2017 17:47
Өзгертілген күні: 31.08.2017 15:58

Пресс релиз

2017 жылғы 16 тамызда Қаржы министрлігінде Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаевтың төрағалымен "Салықтардың жиналуын арттыру" жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменттерінің бірінші басшылары, сонымен қатар жобалық топтар қатысты.

Әрбір МКД МКД салық блогына жетекшілік ететін басшысының орынбасарлары деңгейінде өңірлік үйлестірушілер тағайындалды. Сонымен қатар, МКД басқарма басшылары деңгейінде өңірлік менеджерлер тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдармен және Орталық аппаратпен өзара қарым-қатынас мәселері талқыланды.