Жарияланған күні: 02.08.2016 16:57
Өзгертілген күні: 02.08.2016 17:14

Pos–терминалды орнату және қолдану міндеттемесі туындайтын  салық төлеушілер тізімі

 

Құрметті салық төлеушілер!

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдықты (әрі қарай - Pos-терминал) режим түрлерінен тәуелсіз барлық салық төлеушілер (әрі қарай - СТ)  орнатуы және қолдануқажеттігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Заңына сәйкес төмендегі тізімде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдықтарды (әрі қарай - Pos-терминалдарды) қолданулары тиіс:

  1. Автокөліктер мен мотоциклдерді бөлшектеп және көтерме саудасы, олардың жөндеуі және техниқалық қызмет көрсетілімі;
  2. Бөлшектеп және көтерме сауда;
  3. Қонақ-үй қызметін ұсынатындар;
  4. Ресторан, басқа да тамақтанудың түрін және сусындарды тарату қызметін ұсынатындар;
  5. Жол жүру (билеттер), багаж және жолжүк құжаттарын, әуе және теміржол түбіртектерін сату;
  6. Жүктерді көліктік өңдеу қызметін, қаттау және сақтау, қосымша тасымалдау мен жүк тасымалдау қызметін ұсынатындар;
  7. Туроператорлардың және басқа да ұйымдардың туризм саласында көрсететін (турагенттерден басқасы) қызметтері;
  8. Сақтандыру саласындағы қызмет;
  9. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
  10. Білім саласындағы қызмет;
  11. Кинофильмдерді, бейне және теледидарлық бағдарламаларды тарату бойынша, кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет;
  12. Фитнес, спорттық клубтардағы, дискотекалардағы қызмет;
  13. Құмар ойындар және бәс тігу қызметі;
  14. Боулинг (кегельбану) және бильярд қызметін ұсынатындар.

Ескерту! Осы белгіленген міндеттемелер мен ережелер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Pos–терминалды орнату және қолдану міндеттемесі туындайтын  салық төлеушілер тізімі Департаменттің astana@kgd.gov.kz сайтында жарияланған.

Сонымен қатар,ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (әрі қарай – Салық кодексі) кодексінің 644 бабының 18 тармағына сәйкес ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болатындығына ерекше көңіл аудару қажет. Салық кодексінің 645 бабына сүйене отырып Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi. Яғни Pos-терминал арқылы төленсе сіз міндетті түрде фискалды түбіртек беруіңіз қажет.

Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы құқық бұзушылық болып табылады және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 194 және 195 баптары негізіндеЖК - 40 АЕК көлеміндегі, ЗТ - 80 АЕК көлеміндегі штраф түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне 77-31-95 телефонына;

Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына (әрі қарай – МКБ) 37-93-82 телефонына;

Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына (әрі қарай – МКБ) 77-31-52 телефонына;

Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына (әрі қарай – МКБ) 95-03-94 телефонына;