Жарияланған күні: 15.02.2017 17:33
Өзгертілген күні: 15.02.2017 17:36

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі- Департамент), ҚР аймағында халықаралық шарттардың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі-ЕАЭО туралы шарт) ережелерін, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімін, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында 28.04.1998 жылы жасалынған бiр мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесi туралы Шартын (бұдан әрі – Құқықтық мәртебе туралы Шарт) қолдану бойынша ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминның басшылығымен өткен жиналыста ҚР аймағында тұрақты түрде тұрып жатқан, Ресей Федерациясының азаматтарына дара кәсіпкер ретінде тіркеу құқығын беру бойынша біржақты ұстаным әзірленгені жөнінде хабарлайды.

Жоғарыдағы ұстанымды әзірлеуге негізгі себеп болып, ЕАЭО туралы шарттың 16-қосымшасы 29-тармағына сәйкес әрбір мүше мемлекет өзінің аумағында құру және қызметке қатысты осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше-мемлекеттің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларға үшінші мемлекеттердің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларына берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынатыны табылды.

ЕАЭО туралы шарттың 2-бабына сәйкес «үшінші мемлекет» - одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекет, ал «мемлекеттік-мүше» - Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және ЕАЭО туралы шартының тараптары болып табылады (ЕАЭО шартының № 16 қосымшасының 6-тармағы).

Жоғарыдағы жазылғандардың негізінде, дара кәсіпкер ретінде, ҚР аймағында тұрақты түрде тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматтарын тіркеуді тоқтату туралы 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №НК-11/10273-И, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №НК-06-29504-7087 хаттарын кері шақырады.