Жарияланған күні: 20.02.2015 15:36
Өзгертілген күні: 14.09.2017 14:49

Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!

 

Салықтық/кедендік тексерулерге шағымдарды қарау ресімінің дербестігін арттыру мақсатында 2016 жылдың 30 қарашасындағы № 26-VІ ҚР Заңымен Салық және Кеден кодекстеріне 2017 жылғы 1 шілдесінен бастап салықтық/кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарастыру уәкілетті оран – Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатыны көзделген түзетулер енгізілгенін естеріңізге саламыз. Бұл ретте, көрсетілген шағымдарды қарау мақсатында Қаржы министрлігі жанында құрамына мемлекеттік органдар өкілдері және «Атамекен» Ұлттық кіспкерлер палатасының өкілдері кіретін Апелляциялық комиссия құралды.

Осыған орай, салық төлеушілерге (салық агенттеріне), және де сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына 2017 жылдың 1 шілдесінен салықтық/кедендік тексерулер нәтижелері туралы хабарламаға, камералды кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдар ҚР Қаржы министрлігіне берілетінін ескеру керек.

Сонымен қатар, Салықтық және Кедендік кодекстерімен уәкілетті органға берілетін шағымдарға белгіленген жалпы талаптарға назар аударамыз.

Шағым уәкілетті органға хабарламаны тапсыру күнінен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде беріледі.

Бұл ретте шағым көшірмесі тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органына жіберілу қажет.

Шағымға:

1) актінің және шағым берілген хабарламаның;

2) шағым берген тұлға талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

Шағымда міндетті түрде - шағымға қол қойған күн, шағым берілетін уәкілетті органының атауы, шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері), сәйкестендіру нөмірі, салықтық/кедендік тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер органының атауы, шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер, қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымға шағым берген тұлға не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Уәкілетті орган Салықтық және Кедендік кодекстерінің нормаларына сәйкес шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген, шағымының нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда шағымды қараудан бас тартатынын айта кету қажет.