Жарияланған күні: 02.08.2017 13:37
Өзгертілген күні: 02.08.2017 13:43

2017 жылғы 29 және 30 шілдеде «Салықтардың жинауын арттыру» жобасының «Қаржылық тұрақтылық» басымды бағыты бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне жобалық басқару шеңберінде 50 адам құрамындағы Жобаны енгізудің барлық Штабы қатысқан жобалық басқару бойынша оқу семинары өтті.

Семинардың шеңберінде мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды басқарудың негізі зерделенген болатын. Оның ішінде мынадай бөлімдер қаралған болатын:

- жобалық басқару бойынша қазіргі заманғы білім жүйесі;

- жобаларды басқарудағы негізгі ұғымдар;

- жобалар пакеттерін таңдау және басқару әдістері;

- жобалық басқарудың білім саласы;

- кәсіпорында жобалық басқаруды енгізу жолдары;

- IPMA жүйесі бойынша сертификаттауға дайындық.

Дәріскер ретінде техника ғылымдарының докторы, профессор, Украина ғылым академиясының, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (IPMA) директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Лиль, Париж (Франция) SCEMA университетінің бизнес-мектебінің және Сидней технологиялық университетінің (Аустралия) профессоры Сергей Дмитриевич Бушуев сөз сөйледі.

Семинарды Назарбаев Университеті базасындағы Қазақстан жобаларын басқару қауымдастығы ұйымдастырған болатын.