Жарияланған күні: 29.06.2015 09:45
Өзгертілген күні: 29.06.2015 09:47

1. Қолма-қол ақшаның қандай сомасы міндетті жазбаша декларациялауға жатады?

Жауап: Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 389-IV Заңына  сәйкес валюталық баламасы 10,000 АҚШ долларына сәйкес міндетті түрде декларациялауға жатады.

 

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алкогольді ішімдіктерді өткізу мөлшері қандай?

Жауап: 01.07.2010 жылдың, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімінің» 3-қосымшаға сәйкес 18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 3 литрден көп емес алкогольді  ішімдіктер мен сыра, кедендік баж төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қанша темекі өнімдерін тасымалдауға болады?

Жауап: 01.07.2010 жылдың, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімінің» 3-қосымшаға сәйкес темекі және темекі бұйымдарын  18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі, не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың түр-түрі кедендік баж төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

4. Жеке пайдалануға арналған жолжүк тауарларды тасымалдаушымен жеке тұлғаның мекенжайына кедендік баждарды, салықтарды төлемей отырып, жеткiзу нормалары?

Жауап: 01.07.2010 жылдың, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімінің» 3-қосымшаға сәйкес бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде әкелінетін (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) жеке пайдалану үшін кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын тауарлар жатады.

 

5. Жеке тұлғанының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бекіре уылдырығын тасымалдауы тыйым салынған тауарларға жатама?

Жауап: 01.07.2010 жылдың, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімінің» 1-қосымшаға сәйкес бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы, салмағы 250 грамнан аспаса тыйым салынған тауарлар тізіміне жатпайды.