Жарияланған күні: 16.05.2019 12:59
Өзгертілген күні: 16.05.2019 13:02
Есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымын әшкерелеу, сондай-ақ жасырын алкоголь өнімдерін сатуды барынша азайту мақсатында «Вайпойнг» ЖШС-мен алкоголь өнімдерін көтерме және жеке саудада өткізетіндер үшін  «Wipon Pro» жетілдірілген жүйесі өңделіп, келесі модульден тұрады:
Есепке алу-бақылау таңбасындағы (бұдан әрі – ЕБТ) штрих-кодын сканерлеу арқылы жасырын алкоголь өнімінің айналымын анықтау үшін «Wipon Pro» мобильді қосымшасы. Apple App Store мен Google Play Market-те жүктеу үшін қосымша қолжетімді;
«Wipon Pro Scan» мобильді қосымшасы, Android негізінде лазерлі сканер орнатылған өнеркәсіптік мобильді компьютерлермен үйлесімді. Google Play Market-те қосымшаны жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап  қолжетімді;
Windows операциалық жүйесі бар дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін «Wipon Pro» бағдарламалық жасақтама. Бағдарламалық жасақтаманы жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап  www.wipon.pro ресми сайтында қолжетімді.
Салық төлеуші келіп түскен алкоголь өнімдерін кез келген көлемде  сканерден өткізе алады.
Алкоголь өнімдерін «Wipon Pro» бағдарламасымен сканерлеу кезінде ЕБТда жалған белгілері анықталған жағдайда салық төлеуші осы бағдарлама бойынша ҚР ҚМ МКК не шағым түсіре алады.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
(бұдан әрі – Заң) 9-бабы 3-тармағының 6) тамақшасына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан (бұдан әрі – ЕБМ) ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
«Құқық бұзушылық орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы»  Заңы 282 бабы 3 тармағы 6 тармақшасына сәйкес 50 ден 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады және құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркіленеді.