Жарияланған күні: 07.09.2017 17:08
Өзгертілген күні: 08.09.2017 09:10

2017 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Астана қалалық прокуратура қызметкерлері бірлесе отырып «Ашық есік» науқанын Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 43 мекенжайы бойынша өткізеді.

Мемлекеттік кірістер органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері азаматтардың экономикалық қылмыс саласындағы қылмыстық істер бойынша ауыртпалық туғызатын сұрақтарына жауап береді.

Сонымен қатар мәселенің өзектілігін есепке ала отырып, қылмыстық процесс шеңберіне кіші және орта бизнес субъектілерінің заңсыз тартуын болдырпау мақсатында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша нормаларға түсіндірулер беріледі.