Жарияланған күні: 30.11.2018 17:18
Өзгертілген күні: 04.12.2018 16:28
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен 23.11.2018 жылы Астана қаласының базарлары мен сауда үйлері өкілдерімен онлайн-бақылау-касса машинасын енгізу және бюджетке берешектерді төлеу мәселелері бойынша кездесу өтті.
          Кездесу барысында салық заңнамасындағы өзгерістерге тағы назар аударылды, оның бөлігінде, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн-бақылау-касса машинасын қолдануға міндетті болатын салық төлеушілерге арналған кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді.
          Қолданыстағы 10 қызмет тізіміне тағы 17  қызмет қосымша қосылды, соның ішінде:
  1. Көлік және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
  2. Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  3. Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды көтерме сату;
  4. Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды бөлшектеп сату;
  5. Сусындарды көтерме сату;
  6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме сату;
  7. Тігін бұйымдарын сату;
  8. Кронштейн –өнімдері, бояулар және шыны материалдарымен сауда;
  9. Киімдермен сауда;
  10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшектеп сату;
  11. Сағат және әшекей бұйымдармен сауда;
  12. Ломбард қызметі;
  13. Жылжымайтын мүліктермен операция бойынша агенттік қызметі;
  14. Келісімшарт негізінде және сыйақы үшін жылжымайтын мүлікті басқару;
  15. Жарнама агенттіктерінің қызметі;
  16. Құмар ойындарды және ставка қоюды ұйымдастыру бойынша қызмет;
  17. Уәкілетті мекемелермен жүзеге асырылатын шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операциясын ұйымдастыру бойынша қызмет.
 
Қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.
Салық төлеушілерге онлайн БКМ ауысу тәртібін және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігі түсіндірілді.
Кездесу конструктивті диалог аясында өтті, сауда базарларында қызмет атқаратын салық төлеушілердің берешектерін төлеуге байланысты мәселелер айтылды.
Салық төлеушілердің барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.