Жарияланған күні: 20.03.2018 17:32
Өзгертілген күні: 20.03.2018 17:33
Бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында 2018 жылы Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты жеке сот орындаушыларының салық салу мәселесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты,.
Жеке сот орындаушыларының бойынша әлеуметтік және жергілікті салықтары, салық міндеттемелері және жалпыға бірдей декларациялау мәселелері жайында, жеке табыс салығы бойынша негізгі өзгерістер туралы Департаменттің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысы Мадина Қалиева әңгімелеп берді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың тәжірибедегі 2020 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін кәсіби шегерімдерге байланысты өзгерістерге тоқталды.