Жарияланған күні: 26.12.2017 17:24
Өзгертілген күні: 26.12.2017 17:25

2017 жылға мемлекеттік бюджеттің түсімін өсіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

Негізгі назарда 2012-2016жж. мерзіміндегі берілген салықтық есептілік нысандарға камералдық бақылау әдістерін қолдануға бағытталып отыр.

Ағымдағы жылдың толық емес 12 айында салық төлушілердің қосылған құн салығының салық салынатын айналымы мөлшерін декларацияда толық көрсетпеуі анықталды.

Салықтық әкімшілендіру жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 4 500 млн. теңге салық өндіріліп алынды.