Жарияланған күні: 19.02.2019 10:01
Өзгертілген күні: 19.02.2019 10:02
Бірыңғай жиынтық төлем жалпы сомамен төленуге жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) талаптарын ескере отырып,  банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлеушінің бірыңғай жиынтық төлемді енгізуі арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар осы бірыңғай жиынтық төлем осы белгіленген бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшеріне сәйкес келмеген жағдайда оны қабылдамайды.
Төлеуші төлеуге тиіс бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері:
республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін;
басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.
Бұл ретте бірыңғай жиынтық төлемді төлеу кезінде «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді дербес жүзеге асырады немесе «ММЖЖЖЖ» форматында бірыңғай жиынтық төлем төленетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
Бұл ретте, бірыңғай жиынтық төлемді  күнтізбелік жылдың ағымдағы  және кейінгі айлары үшін төлеуге болады.