Жарияланған күні: 06.11.2018 17:56
Өзгертілген күні: 06.11.2018 17:57
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясын хабарлайды.
Акцияның негізгі мақсаты құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, салықтық сауаттылықты көтеру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
 
Акцияға қатысу үшін қажет:
 
• Тегін мобильдік қосымшаны (Google Play Market, Apple App Store) жүктеу;
 
• чекті суретке түсіріп жіберу;
 
• тауарды сатып алу уақыты және күні а.ж. 21 мамырдан бұрын болмауы тиіс;
 
• чектегі сомасы - 0 жоғары.
 
Акция жеңімпаздары кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
 
Акция екі деңгейде өтетін болады:
 
Бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер департаменттерінің жанында, ай сайын - маусымнан қарашаға дейін- бағалы сыйлықтар тапсырумен үш жеңімпаз анықталады;
 
Екінші деңгейінде ұтыс ойыны тікелей трансляциялауды ұйымдастырумен Астана қаласы, Жеңіс даңғылы,11) жүргізілетін болады.
 
Сондай-ақ, үш жеңімпаз анықталады және қосымша «Ең белсенді салық төлеуші»номинанты (көп чектер жіберген) анықталады.
 
Екінші деңгейдегі бас жүлде көлік.
 
Жүлделерді алу үшін жеңімпаздар салық органдарының қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжат және ұтыс чегінің кодын көрсетуі қажет.
 
Чек талап етіп, Акцияға қатысыңыз және сыйлықтар ұтып алыңыз!