Жарияланған күні: 07.12.2018 17:44
Өзгертілген күні: 07.12.2018 17:45
2018 жылдың 06 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын жария ету шеңберіндесалық заңнамаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға барысында 63 салық төлеушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салық төлеушілер тарапынан келесі сұрақтар жиі қойылды:
  • БКМ онлайн режимінде тіркеу есебіне қою?;
  • Салықты қайтару және аудару?;
  • Электрондық шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері?
  • Егер ЖК бір аймақта тіркелсе және басқа аймақта тұрса, қандай салық органына салық есептілігін тапсыру қажет?
Естеріңізге саламыз, әр аптаның бейсенбі күндері Астана қаласының барлық мемлекеттік кірістер органдарында тұрғылықты тіркеу мекенжайына қарамастан, салық төлеушілердің салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарына кеңес алуға мүмкіндік беретін «Ашық есік күні» науақаны жүріп жатыр.
Кеңес алу үшін келесі мекенжайларға хабарласуға болады:
- Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Жұбанов көшесі, 16, каб.201-кабинет (конференц - зал);
- Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Республика даңғылы 52, 1 - қабат ҚӨО;
- Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы– Қабанбай батыр даңғылы 33 үй, каб. 206.