Жарияланған күні: 05.12.2018 17:34
Өзгертілген күні: 05.12.2018 17:37
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік ресімдеу орталығында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) аумағындағы кедендік әкімшілендіру мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
       АЭА қатысушыларымен (резиденттермен) «дөңгелек үстел» өткізу барысында кедендік әкімшілендіру кезінде туындайтын даулы жағдайлар туралы мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер талқыланған кезде СЭҚ қатысушылары кеден органдарымен кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша, сонымен қоса тауарлардың жіктелуі, преференцияларды қамтамасыз ету, кедендік құнын анықтау және содан кейінгі кедендік төлемдердің есептелуімен байланысты өз келіспеушіліктерін білдірді.
         «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 475 бабына сәйкес, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ҚР Қаржы министрлігі - құзыретті органына шағым тапсырып, тексеріс нәтижелерін қайта қарауға мүмкіндіктерінің бар екені «дөңгелек үстел» қатысушыларына түсіндірілді.
       АЭА резиденттерінің өкілдеріне талқыланатын мәселеге қатысты, ҚР Қаржы министрлігі жанындағы салықпен кедендік даулар бойынша Апелляциялық комиссиясының (Апелляциялық комиссия) іске қосылғаны туралы ақпарат хабарланып, сонымен қоса шағым беру тәртібі туралы жаднамалар берілді.
       Апелляциялық комиссиясының құзыреттілігіне СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілерінің салық пен кеден қызметтері жүзеге асыратын тексерудің нәтижелері туралы хабарламалары мен (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламалары бойынша шағымдарын қарау жатады.
       Мемлекеттік органдарының басты міндеті: мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы түрде жүзеге асыру, бизнес-құрылымдарға жағымды жағдайлар жасау, СЭҚ қатысушыларының қызметі шегінде туындайтын проблемалық мәселелерге көңіл аудырмауға жол бермеу болып табылады.  
Өз қызметі шегінде СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілерінің шағымдарын жан-жақты және объективті түрде қарастыру мақсатында, Апелляциялық комиссияның құрамына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қосылды.
        Сонымен қатар, қабылданатын шешімдердің объектілігі комиссия мүшелерінің шағым қарауы мен қызметіне кірісуге жол бермеу Апелляциялық комиссия Нұсқауының нормаларымен қамтамасыз етіледі.
       СЭҚ қатысушыларының шағымдарын қарау нысаны Апелляциялық комиссия қызметінің шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімдері мен тұжырымдары көбінесе СЭҚ қатысушыларына байланысты талдау жұмысымен расталатынын көрсетеді.
       Мысалы ретінде «дөңгелек үстел» қатысушыларына СЭҚ қатысушыларының шағымдарын қарау бойынша Апелляциялық комиссиясының тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша өткізілген кедендік тексерудің нәтижелері құқыққа қайшы екені мойындалғаны туралы шешімі оқылды.
       ҚР Қаржы министрлігімен бизнес-құрылымы өкілдерінінің мемлекеттік органдарына деген сенімділігін одан әрі арттыру шегінде, Апелляциялық комиссиясының қызметі мен қоғамдық бақылауды айқын жүзеге асыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтының (www.minfin.gov.kz) «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салық және кеден дауларын қарау тәжірибесі» бөлімінде СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілерінің шағымдары бойынша комиссияның шығарған шешімдері туралы жарияланған ақпаратпен танысуға қол жетімді жағдайлар жасалды.