Жарияланған күні: 18.04.2019 14:37
Өзгертілген күні: 18.04.2019 14:39
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД-нің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні еске салады, демалысқа және шетелге шығу науқаны басталады, осыған орай Сіз және сіздің жақын адамдарыңызға ыңғайсыздықты болдырмау мақсатында және сапардың бұзылмауына байланысты, өзіңіздің және жақындарыңыздың салық қарыздарының бар болуын немесе болмауын тексеруіңізге кеңес береміз. ҚР ҚМ МКК-нің сайтына https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ЖСН теріп жазсаңыз, тексеру сіздің бірнеше минут уақытын ғана алады. («Электрондық сервистар» бөлімі - Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер). Ол үшін смартфондар, планшеттер және т.б. қолдануға болады.
Төлем кез келген екінші деңгейлі банк, «Қазпочта» АҚ филиалдарында немесе электрондық порталдар (Homebank, Kaspi.kz, терминалдар және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
 
Салық міндеттемелерін уақтылы орындағаныңыз үшін рахмет
және жақсы демалыс тілейміз!