Жарияланған күні: 04.08.2016 16:51
Өзгертілген күні: 04.08.2016 16:51

Құрметті салық төлеушілер!

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығы (келесіде –Бұйрық) 2016 жылғы 13 тамызында қолданысқа енгізіледі («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 тамызында ресми жарияланды).

Салық төлеушілер үшін 2016 жылға арналған салық есептілігінің нысандарының (ф.200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01) жаңа үлгілері «Салық төлеушілер кабинетінде» 2016 жылдың 13 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Бұл ретте, «Салық төлеушілер кабинетінде» көрсетілген салық есептілігінің жаңа үлгілерін жүзеге асырған және жариялаған кезде техникалық себептері бойынша Салық кодексінің 69 бабы 3 тармағына сәйкес 2016 жылғы 1 тоқсанына немесе 2016 жылға табыс еткен салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алуы жүргізілмейді, себебі салық есептілігінің жаңа үлгілері қолданысқа енгізіледі (салық есептілігінің үлгі нұсқасы сәйкес келмеуі).

Салық кодексінің 69 бабы 3 тармағына сәйкес өзгерту әдісімен мынадай:

  1. валютаның коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
  2. жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
  3. резидент мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген салық есептілігін;

3-1) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

  1. салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 – 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Осылайша, егер салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Бұйрықтың қолданысқа енгізілгенге дейін табыс етілген салық есептілігін өзгерті әдісімен қайтарып алмаған кезде, мысалы, салық органның коды дұрыс көрсетілмесе, бұл жағдайда, салық төлеушіге салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алып, салық органының кодын дұрыс көрсетіп қайтадан салық есептілігн табыс еті керек.

Бұл кезде салық төлеушінің іс-әрекеттері салық есептілігін Салық кодексімен көрсетілген мерзімінде табыс етпеуі анықталады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 741 бабы 1 бөлімнің 8) тармақшасына сәйкес егер де салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда, салық төлеушiнiң салық есептiлiгi нысандарын электрондық түрде ұсыну бойынша салықтық мiндеттеменi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкеп соғуы болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.

Осылайша, салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алуы техникалық себептер бойынша жүргізілмегендіктен (салық есептілігінің үлгі нұсқасы сәйкес келмеуі) салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алуы салық есептілігін табыс етпеу түрінде әкімшілік құқық бұзушылықты құрамайды және тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.