Жарияланған күні: 14.01.2019 17:44
Өзгертілген күні: 14.01.2019 17:45
ҚР 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 211-VI Заңымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
1) 394-баптың 33) және 34) тармақшалары қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар жаңа редакцияда жазылған:
33) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (белсенді фармацевтикалық субстанциялар), протездік-ортопедиялық бұйымдарды және сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдар, сондай-ақ олардың өндірісіне арналған жинақтаушы бөліктері мен материалдар.
34) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (белсенді фармацевтикалық субстанциялар); ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, және ветеринариялық техника; кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы, ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын), оның ішінде фармацевтикалық субстанциялар (белсенді фармацевтикалық субстанциялар) және ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және ветеринариялық техниканы қоса алғанда;
Салық кодексінің 394-бабы 33) тармақшасында көрсетілген тауарлардың тізбесі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді, ал салық кодексінің 394-бабы 34) тармақшасында көрсетілген тауарлардың тізбесі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.
2) "Импорт" Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10) және 11) тармақшалары, қосылған құн салығынан босатылатын " деген сөздер жаңа редакцияда жазылған:
10) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды:
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды негізінде (рұқсат беру құжаты).
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесі, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
11) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды және протездік-ортопедиялық бұйымдарды және ветеринариялық техниканы қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушылар.
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
пп.10-1) келесі мазмұндағы толықтырылды:
10-1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушы, медициналық бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге ұсынылатын арнайы жүріп-тұру құралдары.
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Өзгерістер 2019 жылдың 19 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.