Жарияланған күні: 18.04.2019 14:33
Өзгертілген күні: 18.04.2019 14:35
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі қолданысқа енгізілгені белгілі,  салық органдарының жекелеген санаттарын мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыздармен сотқа жүгіну құқығы көзделген.
Салық кодексінің 93-бабына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен қызметін тоқтатуға резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер жатады.
1) қаңтар айының 1 дейін күнтізбелік жылдан кем емес мерзімде Салық кодексінің 48 бабында белгіленген талап қою:
салық есебін бермегендер; экспорттық-импорттық операциялар жасамаған; егер күнтізбелік жыл үшін ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, банк шоттары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмағандар; қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар;
2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша: қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтындар;
Салық Кодексінің 213, 214-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтатпағандар;
жеке тұлғалардан көрсетілген салықтар салынатын объектілерді қоспағанда, мүлікке, көлік құралдарына салық, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілері меншік құқығында жоқтар;
 әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқтар;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде салық және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша салық берешегі жоқ салық төлеушілер болып табылады.
Бұл ережелер салық мониторингіне жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салық органдары жыл сайын 1 шілдеге дейін мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің тізбесін қалыптастырады және күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей заңды тұлғаларды мәжбүрлеп тарату, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару және дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату үшін сотқа талап-арыз жібереді.
2019 жылға арналған тізбеге сәйкес, Нұр-Султан қаласының Алматы ауданы бойынша Мемелкеттік кірістер басқармасында 911 салық төлеуші мәжбүрлеп таратылуға жататындар тізімінде.
Салық төлеушілердің едәуір бөлігі кәсіпкерлік қызметтке қатысы жоқ, кредит алу (өтеу), депозит ашу (алу), зейнетақы, аударымдар және т. б. сияқты банктік шоттар бойынша ақша қаражатының қозғалысы есебіне байланысты бастапқы қалыптастырылған тізбеден алынып тасталғанын атап өткен жөн.
Салық төлеушілердің осы санатына қатысты, Басқарма іс жүзінде қызметін тоқтатқан, бірақ кәсіпкерлік субъектілері ретінде мемлекеттік органдарда есепте тұрған салық төлеушілерді ерікті түрде тарату рәсімінен өтуге құқылы. Кәсіпкерлік субъектісі мұндай шешімді кез келген уақытта қабылдауы мүмкін.
Қорытындылай келе, салық органына сотқа жүгіну құқығын беретін норманың мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер базасын өзекті жағдайға келтіру, кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде тоқтатқан тұлғаларды алып тастау болып табылады, нәтижесінде республика аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы нақты статистикалық деректер қалыптастыруға негіз болады.