Жарияланған күні: 19.03.2018 18:23
Өзгертілген күні: 28.03.2018 14:33
2017 жылы ҚР азаматы жеке тұлға Россиядан жылжымайтын мүлік иемденген.Декларация тапсыру керек пе? Декларацияда не көрсету керек егерде табысы болмаса?
Жауабы:
Жеке тұлға 2017 жылға ЖТС декларациясын тапсыру керек(240.00 үлгі) бұл жерде мүлік түрі, сәйкестендіру нөмірі, ҚР аумағынан тыс жердегі иелігіндегі мүлкінің орналасқан жерін көрсету керек.Бұған  салықты есептеу және төлеудің қажеті жоқ.Яғни бұл  мәлімет анықтамаға көрсетіледі.
2 сұрақ.    
Менің балам Германияда оқиды, онда ата-анасы оқуына және тұру орнына Казкоммерц банктан ашылған картасына ақша аударады.
Жауап:     
Егер Сіздің балаңызда 31.12.2017 жылғы жағдай бойынша шетелдік банктерде ашылған шоты немесе қалған ақшалай сомасы болмаса, онда 2017 жылға 240.00 нысанды тапсыру міндетті емес.