Жарияланған күні: 05.07.2018 11:14
Өзгертілген күні: 05.07.2018 12:25
2018 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының маусым айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардық айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.
Науқанның жеңімпаздары:
1 орын- Индира ID 6088537 чекпен 16.06.2018 жылғы;
2 орын- Жұмабике ID 5997889 чекпен 04.06.2018 жылғы;
3 орын - Олжас ID 6040974 чекпен 10.06.2018 жылғы.
Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.
Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.
Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.
«Wipon».