Жарияланған күні: 30.10.2018 18:18
Өзгертілген күні: 07.11.2018 15:00
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметімен (ЭТҚ) «Орал-Дизайн-Стройсервис» ЖШС-нің басшысы К.Х.Жумабековтың тарапынан «Астана қаласындағы Көктал поселекесінің оңтүстік-шығысындағы Көппәтерлі тұрғын кешенін» салу барысында үлескерлердің ақша қаражатын жымқыру және алаяқтық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тіркелген қылмыстық ісі тергелуде.
Қазіргі таңда, соңғы эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, себебі кейбір үлескерлер (жеке тұлғалар) бүгінгі күнге дейін қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылмаған, себебі қажетті арыздар жазбаған.
Жоғарыдағылардың негізінде, тергеу кезінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ЭТҚ-не арыз жазбаған үлескерлерге «Орал-Дизайн-Стройсервис» ЖШС-мен жасаған шарттары бойынша қажетті арызды жазуға, Астана қаласы, Республика даңғылы 70, 102 кабинетке    Астана қаласы бойынша МКД-нің ЭТҚ-нің аға тергеушісі А.С.Гусмановқа келулері қажет немесе 8 (7172) 39-52-39/ Ұялы тел. 8 775 980 55 14)  хабарласуы керек.
Уақтылы хабарласпаған жағдайда, тергеу амалдары біткен соң, жәбірленушілерге талап арызбен азамматтық тәртіп бойынша сотқа шағымдануы қажет болады.