
Астана қаласы бойынша акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымына қарсы Мемлекеттік кірістер департаменті және Ішкі істер департаментінің бірлескен жұмысы күшейтілуде.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Рубеж» бекетінде акцизделетін тауарлар тасымалының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде ведомство қызметкерлері жалпы көлемі 160 мыңнан астам бөтелкені құраған алкоголь өнімдері заңсыз айналымының 9 фактысын анықтаған.
Бес жағдай бойынша Қазақстан Республикасы 233 бабына Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қалған төрт жағдайда өнімдері тәркіленіп әкімшілік істер қозғалды.
Бұл ретте, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы анықталған жағдайда заң бұзушы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 282 бабына сәйкес әкімшілік келесідей жазаға тартылады: жеке тұлға үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш, шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін отыз бес айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектісі үшін жетпіс айлық есептік көрсеткіш, құқық бұзушылық жасаудың тікелей объектісі болған акцизделетін тауарлар, тәркілеумен ірі кәсіпкерлік субъектісі үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл.
Заң бұзушылықтың қайталануы жеке тұлға үшін елу айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектісіне жүз айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектісіне екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде акцизделетiн тауарларды тәркілене отырып айыппұлды құрайды