
2016 жылдың 08 қарашасында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары А. Иманғожиннің басшылығымен мәжіліс залында «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» науқанының қазан айы бойынша белсенді қатысушыларының арасынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.
- Бірінші орынды болашақ ана бала күтімі демалысындағы - Исмагулова Айжан соңғы үлгідегі теледидарды жеңіп алды. Жеңімпаз науқан жайында супермаркеттегі жарнама арқылы біліп, сол жерде алғашқы түбіртегінің суретін жіберген. Қазан айында барлығы 52 түбіртек жіберген.
- Аталған науқанның екінші орындағы жеңімпаз Астана қаласының тұрғыны – Омарова Раушан, бағалы сыйлық смартфонды үйіне әкетті.
- Үшінші жеңімпаз Астана қаласы бойынша сауда-экономикалық колледжінің студенті Серболов Дарханға планшет бағалы сыйлығы бұйырды.
Науқанға белсенді қатысқаны үшін Кулетеева Абзалға микротолқынды пеш сыйлығы берілді, белсенді қатысушы қазан айында көп түбіртектерді жинаған.
Науқанның қатысушылары мен жеңімпаздарына ризашылығын білдіріп, А. Иманғожин атап өткендей, әрбір қала тұрғыны жеңімпаздарымызды үлгі етіп - әр сатып алу кезінде немесе қызметтерге ақы төлеу барысында түбіртекті талап етсе - бүкіл мемлекетіміз жеңіске жетеді.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» науқаны бойынша ұтыс ойындары ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін өткізілетінін естеріңізге саламыз.
Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады. Желтоқсан айында басты сыйлық «Жеңіл көлік» бойынша ұтыс ойыны өтеді. Асығыңыз басқа да сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Науқанның шарттары қарапайым: түбіртекті талап етіп фискалдық белгісін қарап, ұялы байланыс арқылы бар болғаны мобильді «WIPON» қосымшасы бойынша суретке түсіріп жіберу қажет.