
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды. Шетелдік көздерден алынатын қаржылық құралдарды қолданудың ашықтық деңгейін көтеру мақсатында келесідей өзгерістер енгізілді: https://kgd.gov.kz/ru/section/monitoring-inostrannogo-finansirovaniya
14 бап 1-1 және 1-2 тармақтармен толықтырылды; шетелдік азаматтардың ақшалары мен құралдарына заңдық көмек көрсететін тұлғалар немесе шетелдік мекемелердің ақшалары мен құралдарына қоғамдық көзқарастарын зерттейтін мекемелер, немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қаржысына ақпараттарды жинау, талдау, таратумен айналысатын жеке тұлғалар бүгінгі күні алынған қаржылық құралдар мен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді салық органдарына тапсыруы қажет.
Бұдан басқа, шетелдік көздерден алынған құралдар есебінен жоғарыда көрсетілген тұлғалармен жарияланған, таратылған және орналастырылған ақпараттар мен материалдар ақпараттар мен материалдарды дайындау, тарату және орналастыруға тапсырыс берген тұлғалар жайлы мәліметтерді көрсету керек.
Осы өзгерістердің коммерциялық мақсатта осыған ұқсас қызмет түрімен айналысатын және салық есептілін тапсыратын кәсіпкерлік іс-әрекеттерден алынатын сыртқы саудадан түсетін табысқа қатысы жоқ
20 баптың 1 тармағы 25-1 тармақшасымен толықтырылды; уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен шетелдік көздерден алынған құралдардың алынуы және жұмсалуы туралы есептілік тапсыратын міндеттелген тұлғалар туралы мәліметтер дерекқоры жүргізілетін болады.
77 баптың 1 тармағы және осы баптың 4,4-1тармақтары сәйкесінше 8 және 5 тармақшаларымен толықты; шетелдік көздердің құралдарының алынуы бойынша, сондай-ақ олардың жұмсалуы бойынша ақпараттарды көрсету үшін салық регистрларын нысандарын орнатуға уәкілетті органға құқық береді;
Осыған орай, тұлғалар және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен, мерзіммен және нысан бойынша шетелдік мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік мекемелерден, азаматтығы жоқ азаматтардан, шетелдіктерден алынған ақшаны немесе басқа да мүліктерді салық органдарына хабарлау керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 19.10.2016ж. №553 «Шетелдік мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік мекемелерден, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақшалар және (немесе) басқа да мүліктердің алынғандығы/жұмсалғандығы туралы жеке және заңды тұлғалармен немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік кірістер органдарына хабарлама/мәліметтер нысанын, тәртібін және мерзімін бекіту туралы» бұйрығы шықты.




























