
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, мүлікті заңдастыру мерзімі 2014 жылдың 1-қыркуйегінен басталып 2016 жылдың 31-желтоқсанында аяқталатынын еске салады.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және заңға сәйкес оған ие болу құқығы рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастыруға құжат тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30-қарашасында аяқталды. Әкімшілік желісі бойынша комиссияның арыздарды қарастыру мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайжы және ағымдағы жылдың 30-желтоқсанында (жұма) аяқталады.
Басқа да мүліктерді (оның ішінде ақшаны) заңдастыру үшін құжаттар тапсыру мерзімі 2016-жыл аяқталғанға дейін бес жұмыс күннен кеш емес мерзімде аяқталады, яғни - 2016 жылдың 23-желтоқсанынан кеш емес мерзімде.
Мемлекеттік кірістер желісі бойынша декларациядарды қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылдың 30-желтоқсанында аяқталады.
Ағымдағы жылдың 23-желтоқсанынан кеін мемлекеттік кірістер органдары арнайы декларацияларды қабылдай алмайды (заңды мерзімде пошта арқылы жіберілгендерінен басқа).




























