Date of publication: 29.01.2024 12:39
Date of changing: 29.01.2024 12:41

Декларацияны 250.00 есептілік нысанын:

 «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»);

Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі) арқылы кері қайтаруға немесе түзетуге болады.

Декларацияны толығымен кері қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

мерзімі яғни декларация тапсырылған есепті жылы дұрыс көрсетілмеген болса;

декларацияны тапсыру бойынша іс жүзінде ешқандай міндеттеме жоқ болса.

Егер Сіз декларацияда қате жіберіп, салық органының кодын, резиденттік мәртебесін немесе салық есептілігінің түрін дұрыс емес көрсеткен болсаңыз, онда түзету әдісі бойынша декларация кері қайтарып алынады.

Басқа жағдайларда, яғни Сіз сандарда қате жіберген мәліметтерді (кірістер, қолма-қол ақша, жылжымалы/жылжымайтын мүлік және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі банктік шоттардағы ақша және т.б. туралы) толық көрсетпеген болсаңыз, айырмашылықтың сомасын немесе көрсетілмеген ақпаратты «қосымша» декларацияны табыстау арқылы түзете аласыз.