
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) осымен «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» АЖ (бұдан әрі – Бірыңғай терезе АЖ) сүйемелдеу шеңберінде Комитет e-okno@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжайды пайдалана отырып, iTop жүйесі арқылы Бірыңғай терезе АЖ пайдаланушылардың сұраныстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде (SD АЖ) жұмысты қамтамасыз ететінін хабарлайды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 13 мамырдан бастап Бірыңғай терезе АЖ қолдау қызметі жаңа Smax сервисі арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты пайдаланушылардың өтінімдері eoknosd@ecc.kz электрондық мекенжайға қабылданатын болады.
2024 жылғы 13 мамырдан бастап e-okno@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжайға келіп түскен өтініштер (өтінімдер) қарастырылмайды.